457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Абзал Шынасылға сот үкімі шықты

Талғардағы қанды оқиға кезінде қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Болаттың ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Malim.kz. 

Басты айыпталушы Абзал Шынасыл 23 жылға сотталды. 

3 мамырда Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне байланысты жарыссөз өтті. Сол кезде Абзал Шынасыл соңғы сөзін айтқан болатын. 

Алдыңғы жауабымда айтып өткендей Шерзат Полатты мен өлтірген жоқпын. Оны өлтірген болсам, алдыңғы жауабымда-ақ мойындайтын едім. Мен істеген іс-әрекетімнен қашатын жігіт емеспін. Ақиқатты айттым, жауабымды неге өзгерткенімді айттым. Мен жазадан қорықпаймын, маған тиісті жаза беруіңізді сұраймын, әділ шешім шығаруыңызды сұраймын. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабымен жаза тағайындауыңызды сұраймын. Барша қазақ елінен кешірім сұрағым келеді. «Байдың баласы, әкесі әкім» деп жерден алып, жерге салып жатыр. Ешқандай да аға-көкем жоқ. Ешқандай әкем жоқ, жалғыз ғана анам бар. Анаммен ғана тұрам. Ешқандай қылмыстық топ емес. Мен де олай болады деп ойлаған жоқпын. Шерзатты өлтірген мен емес. Нақты дәлелім жоқ, сол үшін кім істегенін айта алмаймын, — деген еді Абзал Шынасыл.

Фото: видеодан скрин