Әкімге «Ханның қызысыз ба?» деген әйел сотталды

Арман Қайыпхан

  • 28.11.2024

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны Сандуғаш Тұрлыбековаға қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол бопсалау фактілері бойынша айыпты деп танылып, сот 4,8 жылға бас бостандығын шектеді. Жаза мерзімі аяқталғанша әлеуметтік желіге кіруге тыйым салынды.

Биыл көктемде Гүлшара Әбдіхалықоваға «ханның қызы» деп ат қойған белсенді, көпбалалы ана Сандуғаш Тұрлыбекованы полиция ұстағанын жазған едік. Кейін оның балалары видеоүндеу жариялап, Президенттен көмек сұраған болатын.

28 ақпан және 6 наурыз күндері Қызылорда облысының полиция департаментіне облыстың екі тұрғыны жүгінді. Олар осы азаматшаны қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде арызданған. Тұрлыбекова бопсалау арқылы ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін мәліметтерді таратамын деп қорқытып, жәбірленушілерден ірі көлемде ақша талап еткен. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тұрлыбекова ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілініп отыр, – деген болатын сол кезде Жаңақорған аудандық полиция басқармасы.

Айта кетейік, Сандуғаш Тұрлыбекова 2020 жылдың 16 шілдесінде Жаңақорған кентінің ауруханаларын аралап жүрген Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Гүлшара Әбдіхалықованың алдынан шығып, «Ханның қызысыз ба?» деп төтесінен сауал қойып, жол жабылудың себебін сұрап, түсірген видеосын әлеуметтік желіде жарияланған еді.

Фото: Facebook/Нұрсұлтан Байменов

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды