457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқандар ұсталды

Жамбыл ауданында полиция қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты ұстады.Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.  

22 ақпанда Ұзынағаш ауылының тұрғыны полицияға шаруа қожалығының қорасынан 5 жылқысының ұрланғаны туралы арызданды. Беймәлім адамдар жәбірленушіге 5 миллион теңге көлемінде шығын келтірген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 32 және 34 жастағы екі күдіктіні ұстап, қамауға алды. Ұрланған мал табылып, заңды иесіне қайтарылды, - деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Айта кетейік, жыл басынан бері Жамбыл ауданының полиция қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан үш қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды. 

Фото: Zakon.kz