Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті

3 мыңнан астам полицей қаладағы тәртіпті күзетеді

Malim Админ

  • 27.12.2024

Алматы полициясы қаладағы тәртіпті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдады. Жаңа жыл мерекесіне байланысты тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істейді.


Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жаңа жылды мерекелеу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың, сондай-ақ басқа да заңсыз әрекеттердің дер алдын алу мақсатында Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына көшті. 3 мыңнан астам полицей қаладағы тәртіпті тәулік бойы күзетеді.

Патрульдік экипаждардың саны ұлғайтылды, қызмет көрсету маршруттары күшейтілді, жаяу патрульдік қызметке Ұлттық ұланның 300 әскері тартылды.

— Азаматтар көп жиналатын орындар мен мәдени-ойын-сауық шаралары өтетін орындар ерекше бақылауда, — деп хабарлады ведомстводан.

Алматы тұрғындары Жаңа жыл мерекесін тойлауды бастап кетті. Қалада түрлі концерттер мен іс-шаралар, сондай-ақ негізгі жаңа жылдық жәрмеңке өтіп жатыр.

Еске салайық, 20 желтоқсан күні Алматыда бас шыршаның шамдары жағылды.

Фото: Видеодан алынған кадр

 

 

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды