Алматыда бала сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Алматыда қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан. Оларды ҰҚК қызметкерлері қолға түсірді деп хабарлайды Malim.kz.
Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, бұл қылмыстық топ бірнеше жыл бойы жұмыс істеп келген. Күдіктілер әлеуметтік осал топтағы әйелдерден, соның ішінде шетел азаматтарынан туған сәбилерді заңсыз жолмен алып, сатып отырған.
Жедел іс-шаралар барысында жаңа туған ұл баланы қомақты ақшаға сату әрекеті тоқтатылды. Күдіктілер қылмыс үстінде ұсталды. Сәби тиісті мекемеге орналастырылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, сондай-ақ елдің басқа өңірлерінде осыған ұқсас деректердің болуы мүмкіндігі де тексеріліп жатыр, - деп хабарлады полициядан.
Фото: видеодан скрин

Ең көп оқылған
