Алматыдағы метроны Қытай компаниясы сала ма? «Алматыметроқұрылыс» басшысы мұның артында жемқорлық жатыр дейді

Ол үшін Қазақстан билігі Қытайдың Эксимбанкінен 1 млрд доллар қарыз алмақ

Malim Админ

  • 06.12.2024

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Алматыдағы Қалқаман станциясынан Барлық станциясына дейін метро салынатынын айтқан болатын. 


Енді жоба сметасы реттеліп, құны есептеледі деген сыбыс бар. Ол үшін Қазақстан билігі Қытайдың Эксимбанкінен 1 млрд доллар қарыз алады-мыс. Депутат құрылысты да Қытайдың компаниясы жүргізетінін айтқан болатын.

Бұл мәселеге «Алматыметроқұрылыс» АҚ компаниясының басшысы, кәсіпкер Қайрат Реимов үн қатып, мұның артында біз түсінбейтін жайттар бар екенін айтты.

«Эксим банк Алматы қаласында Қалқаманнан Барлық станциясына дейінгі 5,3 шақырымдық метроны салу үшін Қазақстанға бергелі жатқан қарызды өте қымбат деп санаймын. Жалпы Алматыда метро салудың тәжірибесі бар. Метроны бұрын «Алматы метро-құрылыс» компаниясы салған. Тіпті құны да белгіленген. Соған қарай, біз өзіміздің коммерциялық бағамызды айта аламыз. Барлық станциясына дейінгі баға 650 млн доллардан аспауы керек. Бұл бір. Яғни, 1 млрд доллар қарызға ақша алып, оны 5,3 шақырымдық метроға жұмсағалы жатыр», - дейді ол.

Қайрат Реимовтің сөзінше, Эксимбанк қарызды 10 жылға береді. Бұл банкпен бұрын өзі жұмыс  істегендіктен, олар ең кем дегенде 10 жылға қарыз беретінін жақсы білем дейді. Үкіметтің кепілдік беруімен алынатын қарыздың жылдық пайызы 4,5-5 пайыз болады деген сөз. Тиісінше, 1 млрд долларды қайтару үшін жылына 45-50 млн долларды пайыз ретінде қайтаруға тура келеді. 10 жылда бұл 450-500 млн доллар! 1 млрд доллардың үстіне осынша ақшаны қосып төлеу керек.

«Құрылыс 1,5 млрд долларға түседі. Бұл өте көп ақша. Депутаттар аталған бағаны айтқан кезде банктің талаптарынан бастауы керек. Сіз Қытай компаниялары жобалық-сметалық құжаттан шығып кетпеген үлгілерді де таппайсыз. Тиісінше, 1 млрд доллар деген Қытай компаниясының Қазақстанға кіруінің басы ғана! Оған қоса 450-500 млн доллар Қытай Эксим банкінің пайыздық мөлшерлемесі! Бұл жарты миллиард доллар! Қытай нарыққа кіргеннен кейін өз жұмысының құнын қымбаттатып жіберетінін ескерсек, бұл жобаның құны одан ары өседі. Қалқаманнан Барлыққа дейінгі 5,3 шақырымдық метро біздің бюджетке 1,5-2 млрд долларға дейін қымбаттайтынын ескеру керек», - деді ол.

Кәсіпкер салыстырып былай келтіреді:

«Алматыметроқұрылыс Үкіметке де, Алматы әкімдікке де, жауапты министрліктерге де жазбаша жолдаған. Олардың бағалауы бойынша, аталған аралықты 650 млн долларға ғана салуға болады. Нормативті мерзімі де Қытай компаниясынан еш кем түспейді», – дейді Реимов.

Кәсіпкер Қазақстан билігі не себепті отандық компаниялардан іргесін аулақ салғысы келетінін түсінбейтінін айтады. Мәселен, Алматыметроқұрылыс компаниясы дәл метро салу үшін ашылған. Қайрат Реимов мұның себебін саяси интригалардан көреді.

«Жергілікті компаниялар кейінгі жылдары кейбір шенеуніктерді жігерлендіру үшін бұрынғыша «рақмет айтқысы» келмейді. Мен басқа себепті көріп тұрған жоқпын. «Алматыметроқұрылыс» АҚ әлемнің метро салатын 20-дан астам компаниясымен тығыз қарым-қатынаста. Біз олар қандай бағаға метро салатынын, қандай құрылғыларды пайдаланатынын білеміз. Қазақстанда да дәл сол компаниялардай құрылғыларға ие бола отыра «Алматыметроқұрылыс» АҚ Алматыдағы құрылысқа жібермей, басқа елден өте қымбат салатын компанияға тапсырыс беруден мен шенеуніктердің жемқорлығынан басқа ештеңе көріп тұрған жоқпын. Себебі біз 11 станция + ДЕПО салсақ та, бізден қашып, өте қымбат қытайлық компанияны тартады. Біз де сол қытай компаниясымен жақсы қарым-қатынастамыз. Олар да таңғалып отыр. «Қазақстанда сондай күшті компания бола тұр, бізді неге шақырып жатыр?» деп сұрайды. Олар да шенеуніктер өз мүддесін көздейтінін жасырмайды. Саяси ойындардың салдарынан қазір «Алматыметроқұрылыс» АҚ шет қалды. Біз шынайы, төмен бағаны көрсеткеннен кейін қабылдағысы келмейді. Біз салық төлеушілердің, халықтың ақшасын үнемдеп қалар едік. Кез келген тапсырманы орындайтын едік», - деді Қайрат Реимов.

Фото: tengrinews.kz

Байланысты жаналықтар

«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

02.04.2025

Астана-Алматы бағытындағы пойыз енді Шу станциясына тоқтамайды

01.04.2025

Алматыдан 178 шақырым қашықта жер сілкінді

31.03.2025

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

30.03.2025

Тоқаев Мирзиёевті шығарып салды

29.03.2025

Алматыға Шавкат Мирзиёев келді

29.03.2025
MalimBlocks
«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

Өнер иесі пәтерді жақын адамына сыйламақ.

Астана-Алматы бағытындағы пойыз енді Шу станциясына тоқтамайды

Алматыдан 178 шақырым қашықта жер сілкінді

Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Ерболат Досаевқа шаһарды жарықтандыру, пәтерлерге суды уақтылы және толық беру, көшелер мен аулаларды абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Тоқаев Мирзиёевті шығарып салды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев​​​​​​​тің Қазақстанға жұмыс сапары аяқталды

Алматыға Шавкат Мирзиёев келді