АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі заңсыз жүрген азаматтарға үндеу жасады

АҚШ-тағы Қазақстан Республикасының елшілігі Америка Құрама Штаттарында заңсыз жүрген қазақстандықтарға арнайы үндеу жолдады. Бұл туралы елшіліктің Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.
«Елшілік түрлі себептермен АҚШ аумағында заңсыз иммиграциялық статуспен жүрген азаматтарды осы бағдарламаға қатысу мүмкіндігін мұқият қарастыруға шақырады. Бұл – қазіргі жағдайды заң аясында реттеп, болашақта АҚШ-қа кіру құқығын сақтау үшін маңызды қадам болуы мүмкін», – делінген ресми мәлімдемеде.
АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі (DHS) иммиграциялық заңнаманы бұза отырып елде жүрген шетелдіктерге елден өз еркімен шығу мүмкіндігін беретін жаңа бағдарламаны іске қосты.
Бағдарлама аясында елге өз еркімен оралуды шешкендерге қайтар жол шығыны (әуе билеті) өтеледі және елге оралған соң 1000 АҚШ доллары көлемінде бір реттік қаржылай көмек көрсетіледі.
Мәлімдемеде өтінімді CBP One атты мобильді қосымша арқылы беру қажет екені де көрсетілген.
Фото: gov.kz