Ақтөбеде көмек сұраған әйелдің қоңырауын елеусіз қалдырған 112 қызметкері сотталды

Арман Қайыпхан

  • 17.09.2024

Ақтөбеде әйел 112 қызметкеріне хабарласып, өзін өлтіріп жатқанын айтқан. Алайда, қызметкер қоңырауды қабылдағанымен ешқандай әрекет етпеген, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақтөбе қалалық сотында "салғырттық" бабымен айыпталған 112 қызметкеріне қатысты іс қаралып, көмек сұраған әйелге қолұшын бермеген қызметкері сотталды.  

Сот жәбірленуші өкілінің сотталушыдан 300 мың теңге көлеміндегі материалдық және 5 млн теңге көлеміндегі моральдық шығындарды өндіру туралы талабын қанағатандырмады.

"Әділ Қалидолла қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жәбірленушінің материалдық, моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық талап арызы қараусыз қалдырылсын", – делінген сот үкімінде.

Сонымен қатар, сот Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінің басшысына да жеке қаулы шығарды. ТЖ қызметкерінің салғырттығына байланысты заңбұзушылыққа назар аударуды, олардың алдын алу мақсатында жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Сот барысында филологиялық сараптамаға ерекше назар аударылды. Соттың мәліметінше, жәбірленушіден келіп түскен хабарламада расында да өлтіріп жатқаны және денсаулығына қауіп төніп тұрғаны сөздердің мағынасымен дәлелденген.

Іс материалдарына сүйенсек, оқиға 2024 жылы 9 маусым күні сағат 12:18 уақытында тіркелді.

Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс жағдайлары басқармасының жедел кезекшісінің көмекшісі қоңырауды қабылдаған. Бірақ қоңырауды елемей, ішкі істер органдарының жасақтарын қылмыс орнына жұмылдыруға бағытталған шұғыл әрекеттер жасамағаны айтылады.

Фото: depositphotos.com

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды