457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әскерге күштеп әкетсе сотқа жүгінуге болады?

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Қамалетдинов жастарды әскерге күштеп әкету іс-қимылдарына пікір айтты.

Өкінішке қарай, мұндай фактілер болды. Бұған жол беруге болмайды. Сонымен бірге, біздің елде Президент «заң пен тәртіп» түсінігін айқындады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 36-бабында «ерікті түрде» деген ұғым жоқ, онда мемлекетті қорғау - әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті деген нақты жазылған. Осы орайда әскерге шақырылғандар осыны орындауға міндетті. Ал егер орындамаса, заң нормалары бұл азаматқа қатысты болуы керек, - деді Сұлтан Қамалетдинов Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сондай-ақ министрдің орынбасарынан әскерге күштеп алып кететіндерге қатысты қолданылып жатқан шаралар туралы сұралды.

Барлық жүргізілген тексерулер бойынша, егер азамат өз құқығы бұзылды деп есептесе, бізде құқықтық мемлекет – оның сотқа жүгінуге құқығы бар. Мен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары ретінде өз өкілеттігімді жүзеге асырған кезеңде, мұндай жағдайлар болған жоқ, – деді ол.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform