Әскери қызметші Қорғаныс министрлігін сотта жеңіп шықты

Арман Қайыпхан

  • 10.02.2025

Әскери қызметші Қорғаныс министрлігін сотқа беріп, ведомствоны жеңіп шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Сот мәліметінше, әскери қызметші мемлекеттік органның өзі мен отбасы мүшелерін тұрғын үй кезегінен алып тастау жөніндегі әрекетін даулап, жалға алған тұрғын үй оның жеке меншігі емес екенін атап көрсеткен.

Жергілікті соттар талап қоюды қанағаттандырудан бас тарта отырып, тұрғын үйді сатып алу шартының бар екендігіне сүйеніп, сол арқылы арызданушы өзінің тұрғын үй құқығын пайдаланып, тұрғын үйге мұқтаж ретіндегі мәртебесін жоғалтқан деген себеп келтірген.

Жоғарғы Соттың сот алқасы бұл тұжырымдармен келіспеді, осы ретте арыз берушінің тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілер санатына жататынын, өйткені жалға берілетін тұрғын үйдің болуы әскери қызметшілерді кейіннен сатып алу арқылы жалдау ақысын төлеу жөніндегі өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін тұрғын үй мәртебесінен айырмайтындығын уәждеген.

«Іс бойынша арыз беруші жалға алынған тұрғын үйдің меншік иесі болып саналмайтыны, баспана оған сатып алу шарттарымен уақытша иеленуге берілгендігі анықталды.

Жергілікті соттардың сот актілерінің күші жойылды, арызды толық көлемде қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылды.

Жоғарғы Сот мемлекеттік органның тұрғын үй комиссиясының арыз берушіні есептен шығару туралы шешімін заңсыз деп танып, жіберілген бұзушылықтарды түзетіп, әскери қызметшінің тұрғын үй төлемдерін алу құқықтарын қалпына келтіруді міндеттеді. Мемлекеттік қорғаныс органынан арызданушының сот шығындары өтелді», - делінген Жоғарғы сот хабарламасында.

Фото: istockphoto.com

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды