Атырау мұнай өңдеу зауытында тексеріс жүргізіліп жатыр
Заңнаманы бұзу дерегі расталса, айналымның 5 пайызы мөлшерінде айыппұл салынады

Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнай өңдеудің тауар нарығындағы баға мен өндіріс көлемінің динамикасына талдау жүргізілді. Сол талдау негізінде монополияға қарсы тексеріс жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Malim.kz.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Атырау облыстық департаментінің мәліметінше, бірнеше кемшілікті анықтаған. Бұл — мұнай өңдеу бойынша монополиялық жоғары бағаны белгілеу және ұстап тұру.
Мұнайдың орташа бағасының 2021 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде 31 пайызға өсуіне байланысты монополиялық үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері анықталды. Осыған орай монополиялық жоғары бағаны белгілеу дерегі еліміздегі бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы ықтимал бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу барысында айқындалатынын атап өткен жөн. Монополияға қарсы заңнаманы бұзу дерегі расталса, айналымның 5 пайызы мөлшерінде айыппұл салынады. Монополиялық кіріс тәркіленеді. Бағаны негізделген деңгейге дейін төмендету туралы нұсқама енгізіледі, - деп жазылған департамент таратқан ақпаратта.
Фото: naryk.kz
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
