457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Бағанашыл»-дағы дау: үш шенеунік қызметінен босатылды

Алматыдағы балалар үйінен тәрбиеленушілерді Қонаевқа көшіру кезінде туындаған дауға байланысты Алматы облысы әкімінің орынбасары және екі басқарманың басшысы қызметінен босатылды.


Облыстық білім басқармасының жауабына сәйкес, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің орынбасары Болат Күреңбеков қызметінен босатылды. 

– Сондай-ақ білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева мен ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Әбітов қызметтерінен кетті. Облыс әкімінің бірінші орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды, - деп хабарлады басқармадан. 

Болат Күреңбеков 2024 жылдың тамыз айынан бері әкімнің орынбасары қызметін атқарды. 

Салтанат Беспаева 2022 жылдың маусымынан бері білім басқармасын, ал Ерік Әбітов 2024 жылдың сәуірінен бері ішкі саясат басқармасын басқарған. 

Еске салайық, 21 шілде күні «Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілері Алматыдан Қонаевқа көшіріле бастады. Алайда балалар бұған наразылық білдіріп, әлеуметтік желіде мекеме ішіндегі кикілжіңнің бейнежазбасы тарады.

Кейін Президент кеңесшісі — баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Президент тапсырмасымен «Бағанашыл» балалар үйі Алматыдан Қонаевқа көшірілмейтінін мәлімдеді. 

Сонымен қатар «Бағанашыл» балалар үйіне байланысты уәкілетті тұлғаларға қатысты қызметтік тексеру басталды. 

Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform