457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қарағандылық киберқылмыстың алдын алған

Polisia.kz жазады. Оқиға 30 шілдеде "Qarmet" АҚ аумағында болған.

 

Кәсіпорын шебері 50 жастағы жол жөндеуші әріптесінің әбігерленіп жүргенін байқайды. Ол бір сағат бойы өзін банк қауіпсіздік қызметкеріміз деп таныстырған бейтаныс адамдармен телефон арқылы сөйлесіп, кенеттен "отбасылық жағдайға" байланысты жұмыстан сұранып кетпек болады. Күдіктенген шебер азаматтық жауапкершілік танытып, жағдайды бірден Теміртау қаласының киберполиция бөліміне хабарлайды. Полиция қызметкерлері жұмысшының үйіне дереу жетіп, оның әлі де алаяқтармен байланыста екенін анықтайды. Сол уақытқа дейін қылмыскерлер оның атына бірнеше банктен шот ашып үлгерген және несие рәсімдеуге әрекеттенген. Киберполицияның жедел әрекетінің арқасында несиелік келісім-шарттар тоқтатылып, азамат қарыз құрсауынан құтқарылды. 

 

Фото: Polisia.kz