Қазақстандықтарды алдаумен айналысқан интернет-алаяқтар Ереванда ұсталды

Арнайы операция кезінде Армения, Грузия, Иран, Сирия және Ливан азаматтарынан құралған қылмыстық топтың 41 мүшесі ұсталды.

Malim Админ

  • 18.02.2025

Қазақстан ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Арменияның Тергеу комитетінің аса маңызды істерді тергеу жөніндегі бас басқармасымен бірлесіп, жедел іс-шараларды өткізу кезінде Ереванда алаяқтардың екі call-орталығының әрекетіне тосқауыл қойды, - деп хабарлайды Malim.kz.

- Қазақстан мен Еуропа елдерінің азаматтарына қатысты интернет-алаяқтық жасаған трансұлттық қылмыстық топтың ұйымдастырушылары мен мүшелері анықталды. Олар қазақстандықтарға қоңырау шалып, ірі инвестициялық компанияларға ақша салуды ұсынған. Тінту шаралары барысында 70-тен астам компьютерлік техника, шамамен бір килограмм алтын, 5 автокөлік, 30 мың АҚШ доллары, Ресей рубльдері, грузин лариі және криптовалюта әмияны тәркіленді, - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

Арнайы операция кезінде Армения, Грузия, Иран, Сирия және Ливан азаматтарынан құралған қылмыстық топтың 41 мүшесі ұсталды.

Қазіргі уақытта армян тарапы Қазақстан ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментімен бірлесіп, тергеу әрекеттерін және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Олар жалпы мән-жайды, қосымша эпизодтарды, басқа да күдіктілерді, сондай-ақ Қазақстан азаматтарына келтірілген залал сомасын анықтауға бағытталған.

Фото: sharayna.kz

Байланысты жаналықтар

Ресей кибершпиондары Қазақстанды бақылауды күшейтті

15.01.2025

Алматыда киберқылмыскерлерге жағдай жасап отырған екі жігіт ұсталды

02.01.2025

Қазақстан Ғаламдық киберқауіпсіздік индексіндегі орнын ілгерілетті

14.09.2024

Интернет алаяқтардан 1 млрд теңгеге жуық ақша қайтарылды

11.09.2024

ЭЦҚ-ның осал тұсы: петиция дауыстарын қолдан көбейтуге болады

11.08.2024

Балаларды интернет қаупінен қалай сақтандырамыз?

02.06.2024
MalimBlocks
Ресей кибершпиондары Қазақстанды бақылауды күшейтті

Сарапшылар Мәскеудің «жақын шетелдердегі» ықпалын арттырмақ деп есептейді

Алматыда киберқылмыскерлерге жағдай жасап отырған екі жігіт ұсталды

Олардан 190 sim-карта мен sim-box құрылғылары тәркіленді

Қазақстан Ғаламдық киберқауіпсіздік индексіндегі орнын ілгерілетті

Еліміз Қытай, Австрия, Канада сынды елдермен бір қатарда тұр

Интернет алаяқтардан 1 млрд теңгеге жуық ақша қайтарылды

914 қылмыскер ұсталып, жалған нөмірлерден түскен 58 млн қоңырау бұғатталды

ЭЦҚ-ның осал тұсы: петиция дауыстарын қолдан көбейтуге болады

Осал тұсы верификация жүйесінен анықталған

Балаларды интернет қаупінен қалай сақтандырамыз?

Полиция ата-аналарға негізгі ережелерді ұсынды