Интернет алаяқтардан 1 млрд теңгеге жуық ақша қайтарылды

914 қылмыскер ұсталып, жалған нөмірлерден түскен 58 млн қоңырау бұғатталды

Malim Админ

  • 11.09.2024

Ақпараттық базадағы мәліметтерді желіге немесе алаяқтарға бергені үшін жауапкершілік енгізіледі. Премьер-Министр Олжас Бектенов Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді. Жиында интернет-алаяқтыққа қарсы күрес және қаржы пирамидаларының алдын алу шаралары қаралды.


Ішкі істер министрі келтірген мәліметте алаяқтыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде «Киберпол» арнайы топтарымен 2,5 мыңнан астам қылмыс ашылғаны айтылды, Нәтижесінде 962 млн теңге көлеміндегі шығын өтелген. 914 қылмыскер ұсталып, жалған нөмірлерден түскен 58 млн қоңырау бұғатталды.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметтері бойынша, биыл 43 қаржы пирамидасы анықталып, мессенджерлердегі 266 чат жабылған. Осылайша, 2 млн-ға жуық азаматтың қаржылық шығынының алдын алды.

«Киберқадағалау» жүйесі 8 мыңнан астам алаяқтық сипаттағы сайтты бұғаттады.

Премьер-Министр Олжас Бектенов алаяқтық схемалар үздіксіз дамып келе жатқандықтан бірқатар бағыт бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

«Мемлекет басшысы интернет-қылмыстарды ерте анықтау мен жолын кесу мәселесіне баса назар аудара отырып, оларға қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуді бірнеше рет тапсырды. Онлайн-кредиттерді ресімдеуге, банктік жинақтарды ұрлауға байланысты әрекеттердің көпшілігі шетелден отырып жасалады. Оның үстіне ақпараттық базадағы мәліметтерді желіге немесе алаяқтарға беру бойынша да жауапкершілік жоқ. Сондықтан мүдделі мемлекеттік органдар банк шоттарын, карталарды, жеке куәліктегі деректерді, телефон нөмірлерінің базаларын бөтен адамдарға қасақана бергені үшін жауапкершілікті енгізу мәселесін пысықтауы қажет», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Фото: aif.ru  

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Сотталған Абылай Мырзахметов мерзімінен бұрын босатуды сұрады

15.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Мемлекеттік рәміздерге жауапкершілік күшейтіледі

11.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Сотталған Абылай Мырзахметов мерзімінен бұрын босатуды сұрады

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

Мемлекеттік рәміздерге жауапкершілік күшейтіледі

Конституциялық заңға өзгеріс енгізіледі