"Бұл- хайуанаттар бағы емес". Сенатор Бишімбаевты көрсетпеу керектігін айтты

Қожаев "журналистер хайп қуасыңдар" деді

Malim Админ

  • 14.11.2024

Ішкі істер министрінің экс-бірінші орынбасары, қазіргі Сенат депутаты Марат Қожаев Қуандық Бишімбаевтың колонияда отырған фотосы неге жарияланбағанын түсіндірді. 

Депутаттың айтуынша, мұның бәрі азаматтардың құқығын қорғаумен байланысты.

«Тіпті жазасын өтеп жүрген азаматтың да құқықтары болады. Егер ол өзін жұртқа көрсеткенді қаламаса, оны ешкім мәжбүрлей алмайды, әрине. Дөрекі естілсе де айтайын, қанша дегенмен де күш құрылымының қызметкерімін ғой, бұл сіздерге хайуанаттар бағы емес. Ресми тұлғаларға сену керек», - деді Марат Қожаев Сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп.

Сенатор Бишімбаев Степногорск қаласында қауіпсіздігі барынша жоғары колонияда отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, Бишімбаев түрмеде отырса да «журналистер хайп үшін бір аптадан бері осы мәселе төңірегінде шулап жүр».

«Оның қайда қамалғаны жұмбақ болмаған. Журналистер тексерілмеген ақпараттарды таратасыздар да бізге сұрақ қоясыздар. Ол ақпаратты Сенат таратқан жоқ, ҚАЖК таратқан жоқ. Оны біреу ақпараттық кеңістікке таратты, сіздер одан дау тудырдыңыздар. Ал, қазір анықталғаны, ол жазасын түрмеде өтеп жатыр», - деді Қожаев 

 Айта кетейік, осыған дейін БАҚ бетінде экс-министр Қуандық Бишімбаевтың түрмеден қашып кеткені туралы ақпарат тараған еді. ІІМ мұны жоққа шығарып, жалған ақпарат бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Фото: Жоғарғы сот 

Байланысты жаналықтар

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Сотталғандарды колонияларда ұстау ережелеріне өзгерістер енгізіледі

09.05.2025

Қазақстан қай қаладағы әуежайды Вьетнамға беретіні белгілі болды

08.05.2025

Елімізде адамдарға несие беруді қатаңдату ұсынылды

05.05.2025

Қуандық Бишімбаевқа қатысты тағы бір сот процесі өтпек

04.05.2025

Бишімбаевтың ата-анасы туыстарымен соттасып жатыр

29.04.2025
MalimBlocks
СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Сотталғандарды колонияларда ұстау ережелеріне өзгерістер енгізіледі

Қазақстан қай қаладағы әуежайды Вьетнамға беретіні белгілі болды

Елімізде адамдарға несие беруді қатаңдату ұсынылды

Қуандық Бишімбаевқа қатысты тағы бір сот процесі өтпек

Бишімбаевтың ата-анасы туыстарымен соттасып жатыр