Елімізде қандай қаруларды иеленуге рұқсат етіледі?

Оны әр 5 жыл сайын жаңарту қажет

Malim Админ

  • 31.01.2025

Полиция қаруды тіркеу, сақтау және тасымалдау ережелерін түсіндірді, - деп хабарлайды Malim.kz. 

Дерекке жүгінсек, Қазақстан азаматтарына аңшылық, спорттық және өзін-өзі қорғау мақсатында қару иеленуге рұқсат етіледі.

Қаруды сатып алу үшін www.elicense.kz порталы арқылы полициядан арнайы рұқсат алу қажет. Сатып алынған қару бір апта ішінде тұрғылықты жердегі полицияда тіркелуі тиіс. Әр 5 жыл сайын рұқсатты жаңарту қажет, - деп түсіндірді ІІМ баспасөз қызметінен.

Сақтау талаптары:

Қару қалыңдығы кемінде 3 мм болатын металл сейфте немесе берік темір жәшікте сақталуы тиіс;
Қару оқ-дәріден бөлек сақталады;
Қауіпсіздік талаптары сақталып, қалалық елді мекендерде дабыл жүйесі орнатылуы керек;
Кәмелетке толмағандардың қаруға қолы жетпеуі тиіс.
- Қаруды тиісті рұқсатпен ғана тасымалдауға болады. Қоғамдық орындарда қару оқталмаған, қаптаулы күйде болуы тиіс.

Ережелерді бұзу қаруды тәркілеуге, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін білгеніңіз абзал, - делінген жазбада.

Фото: Gov.kz   

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды