Фельдшерді ұрған жігіт шартты жаза алды

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған қала тұрғынын 1,5 жылға шартты жазаға кесті, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиға биылғы 29 қаңтарда тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. Сот дерегінше, жанжал кезінде ер адам фельдшерге қол жұмсап, оның жабық бас-ми жарақатын алуына себеп болған. Дәрігерлер бұл жарақатты денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян деп бағалаған.
Айыпталушы кінәсін мойындап, өкінетінін айтты. Прокурор оны 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұраса, жәбірленуші үш жылға дейін бас бостандығын шектеуді және материалдық шығынды өндіруді талап еткен.
Сот жазаны тағайындау кезінде кінәні мойындау, өкіну және айыпталушының кәмелетке толмаған баласының барын ескеріп, жазаны жеңілдетті. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 2-бөлігі 2-тармағы — қызметтік міндетін атқарып жүрген адамға денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру — бойынша айыпталған.
Сот ер адамды шартты жазаға кесіп, жәбірленушіге келтірілген шығынды өтеуді міндеттеді.
Фото: pixabay

Самое читаемое
