ІІМ самокат мінушілерге қатаң шектеу енгізуді ұсынды

Арман Қайыпхан

  • 16.05.2025

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, министрлік электрсамокаттарға бақылауды күшейтуге бағытталған қатаң шараларды ұсынған, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұсыныстар қатарында мыналар бар:

 кей күндері (мысалы, жексенбіде саябақтарда) самокат тебуге тыйым салу;

 қарбалас уақытта халық көп жүретін даңғылдарда қозғалысты шектеу;

 самокаттарды тротуарлардан толық алып тастау;

 адам көп жиналатын жерлерде агрегаторларды жылдамдықты 5 км/сағ дейін төмендетуге міндеттеу.

Алайда Лепеханың айтуынша, депутаттар бұл бастамаларды қолдамаған.

“Неге Мәскеуде бұл іске асып жатыр, ал бізде мүмкін емес? Қызыл алаңда самокат мүлде тоқтап қалады, әрі қарай жүрмейді. Бізде агрегаторлар өздерін жауаптымыз дейді, бірақ ештеңе істеген жоқ”, — деді ІІМ басшысының орынбасары.

Қазір министрлік бұл мәселеге қайта оралуды ұсынып отыр.

Фото: pixabay

Байланысты жаналықтар

Шерзат соты: Тағы бір сотталушы айыптау актісімен келіспеді

16.05.2025

Оқушылардың астан улануы: Ата-аналар сот үкіміне наразы

16.05.2025

Жасанды интеллекті қолданып жасаған туындының авторы кім болады?

14.05.2025

ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

14.05.2025

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

13.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025
MalimBlocks
Шерзат соты: Тағы бір сотталушы айыптау актісімен келіспеді

Оқушылардың астан улануы: Ата-аналар сот үкіміне наразы

Кәсіпкер 22 ата-анаға 50 мыңнан 200 мың теңгеге дейінгі көлемде материалдық шығынды өтеуге міндеттелді

Жасанды интеллекті қолданып жасаған туындының авторы кім болады?

Бұл мәселеге қазір бүкіл әлем бас қатырып отыр

ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

Ұрлық жалған келісімшарттармен және аффилирленген компанияларға ақша аудару арқылы жасалған

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

3 қылмыстық топ әшкереленді

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды