457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Маңғыстау облысының әкімі некесіз туған баланың әкесі деп танылып, алимент төлеуге міндеттелді

Сот Маңғыстау облысының әкімін некесіз туған баланың әкесі деп танып, алимент төлеуге міндеттеді. Бұл туралы Stan.kz сайтына сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды. 


Маңғыстауда бірнеше ай бойы аймақты дүр сілкіндірген даулы іске нүкте қойылды. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай ресми түрде бұрынғы мәслихат депутаты Ынташ Наурызованың ұлының әкесі болып танылды.

Сот барысы бүкіл елдің көз алдында өрбіді. Экс-депутат Ынташ Наурызова әлеуметтік желілерде ашық түрде оқиғаның егжей-тегжейін бөлісіп, үш жасар ұлы Әміре Наурыздың облыс басшысынан туғанын айтқан. Оның сөзінше, Қилыбаймен араларында романтикалық қарым-қатынас болған, бірақ бала дүниеге келгеннен кейін шенеунік өмірінен ғайып болған. Ал облыс әкім әйелдің мәлімдемелерін жоққа шығарып, баланың өзіне қатысы жоқ екенін айтқан. 

Бүгін кәмелетке толмағандарға арналған сот даулы мәселенің нүктесін қойды. Сот облыс әкімі Нұрдаулет Қилыбай ресми түрде баланың әкесі деп танылып, баласы кәмелетке толғанға дейін ай сайынғы жалақысының төрттен бір бөлігін алимент ретінде төлеуге міндеттелді.

Коллаж: Stan.kz