Маңғыстау облысына жаңа әкім тағайындалды

Президент Жарлығымен Серікбай Тұрымовтың орнына Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды.

Айшолпан КЕРІМ

  • 07.09.2021

Нұрлан Ноғаев бұған дейін атқарған Энергетика министрі лауазымынан босатылды. 

«Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымынан босатылсын», - делінген құжатта.

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев 1967 жылы туған. И.Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Ресей Сыртқы істер министрлігі жанындағы «Халықаралық қатынастар университеті» Мәскеу мемлекеттік институтын тау-кен инженері, экономист, халықаралық қатынастар маманы, әкімшілік іскерлік жөніндегі шебер мамандықтары бойынша бітіріп шыққан. Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Қандыағаш станциясында электр шебері болып бастаған.

2012 жылдың 20 қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. 2016 жылдың 26 наурызынан Атырау облысының әкімі. 2019 жылдың 18 желтоқсанынан соңғы тағайындауға шейін ҚР Энергетика министрі болып қызмет істеді. 2010 жылы «Құрмет орденімен марапатталған.

Байланысты жаналықтар

Маңғыстау облысының әкімі арандатушыларға ермеуге шақырды

12.04.2023

Ноғаев әкімдігі жұмыста отыр деген орынбасары қамауда екен

02.06.2022

Ноғаевтың жоспары қай жоспар?

13.10.2020
MalimBlocks
Маңғыстау облысының әкімі арандатушыларға ермеуге шақырды

"Тыныштықты бұзуға жол бермеуіміз керек",-дейді ол.

Ноғаев әкімдігі жұмыста отыр деген орынбасары қамауда екен

Маңғыстау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевтың орынбасары Ғалымжан Ниязов 24 маусымға дейін қамауда отырады. Бұл туралы облыстық сот баспасөз қызметі хабарлады.

Ноғаевтың жоспары қай жоспар?