freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Халықаралық баскетбол федерациясының президентін қабылдап, «Достық» орденімен марапаттады

Қоғам
Тоқаев Халықаралық баскетбол федерациясының президентін қабылдап, «Достық» орденімен марапаттады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық баскетбол федерациясының (FIBA) президентін қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақорданың мәліметінше, Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық баскетбол федерациясының президенті Сауд Али Әл-Тәнимен кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында президент FIBA-ның отандық баскетболға көрсеткен қолдауын жоғары бағалап, Сауд Али Әл-Тәниге Қазақстан Ұлттық баскетбол федерациясының отырысына қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

«Мемлекет басшысы биыл отандық баскетбол тарихына 100 жыл толып отырғанын, осы орайда, балалар мен жастардың ықыласы ауған баскетбол танымал спорт түрлерінің қатарына енгенін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстаннан халықаралық деңгейде, соның ішінде әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен көрнекті баскетболшылар шыққанын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде келешегі зор бағыт ретінде 3×3 форматындағы баскетболға қызығушылық арта бастағанына тоқталды. Кездесуде бұқаралық және кәсіпқой баскетболды ілгерілетуге, спорттық резерв даярлауға, бірлескен жобаларды іске асыруға айрықша назар аударылды», – делінген Ақорданың хабарламасында.

Федерация президенті мемлекет басшысына елімізде аталған спорт түріне қолдау көрсеткені үшін шынайы ризашылығын білдіріп, Ұйымның баскетболды одан әрі дәріптеуге бағытталған жоспарымен бөлісті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы баскетболды дамытуға үлес қосқаны үшін Халықаралық баскетбол федерациясының президенті шейх Сауд Али Әл-Тәниді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу