freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жұмыстан бір минут ерте кеткен әйел бастығын сотқа беріп, өтемақы алды

Оқиға •
Жұмыстан бір минут ерте кеткен әйел бастығын сотқа беріп, өтемақы алды
Фото: ЖИ арқылы жасалған

Қытайда жұмыс орнынан небәрі бір минут ерте кеткен қызметкер жұмыстан шығарылды. Алайда әйел бұл шешіммен келіспей, сотқа жүгінген. Нәтижесінде сот оның пайдасына шешім шығарып, жұмыс берушіні өтемақы төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға Гуандун провинциясының Гуанчжоу қаласында болған. Ван есімді әйел компанияда үш жыл жұмыс істеген. Бір күні кадр бөлімінің қызметкері оған бейнебақылау камераларынан жұмыс орнын белгіленген уақыттан ертерек тастап кеткені анықталғанын хабарлайды.

Компания мәліметінше, әйел бір ай ішінде алты рет жұмыстан бір минут ерте кеткен. Басшылық мұны еңбек тәртібін бұзу деп есептеп, қызметкерді жұмыстан шығарған.

Сот неге әйелді жақтады?

Әйел басшылықтың шешімін әділетсіз деп санап, сотқа шағымданған.

Істі қараған сот жұмыс орнын бір минут ерте тастап кету мұндай қатаң жаза қолдануға жеткілікті негіз емес деген қорытындыға келген. Оның үстіне, компания әйелге бұған дейін ресми ескерту жасамаған.

Нәтижесінде жұмыстан шығару заңсыз деп танылып, жұмыс берушіге өтемақы төлеу міндеттелді. Алайда өтемақының нақты мөлшері жарияланбаған.

Оқиға 2025 жылы Қытайдың әлеуметтік желілерінде талқыланып, еңбек тәртібі мен қызметкерлердің құқықтарына қатысты пікірталас туғызған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу