freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Ертең бәле болады": Жігер Ауыпбаев пен жарының әңгімесі дау тудырды

Шоу-бизнес •
"Ертең бәле болады": Жігер Ауыпбаев пен жарының әңгімесі дау тудырды
Фото-коллаж: malim.kz

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев пен оның жары Мумина TikTok желісіндегі тікелей эфирде айтқан әңгімелері үшін көпшіліктің сынына қалды. Ерлі-зайыптылардың жеке өмірге қатысты қалжыңы әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Malim.kz. 

Желіде тараған видеода Жігер Ауыпбаев пен жұбайы Мумина тікелей эфир барысында бір-бірімен әзілдесіп отырады. Әңгіме арасында Мумина күйеуінің жеке суреттеріне қатысты қалжың айтып, көрермендердің назарын аударған.

"Сендер оның жіберетін фотосын әлі көрген жоқсыңдар ғой", – дейді Мумина.

Бұған жауап берген әнші ешқандай сурет жібермегенін айтып, жұбайынан мұндай әңгімені тоқтатуды сұрайды.

"Ал мендегі суреттер ше?" – деп әзілін жалғастырады Мумина.

Жігер Ауыпбаев жұбайынан оның өз суреттері туралы сұрағанда, Мумина ондай фотолары жоқ екенін айтады.

"Жоқ, сіз мені ондай күйде суретке түсірген жоқсыз. Түсірсеңіз, мен көретін едім ғой. Қорылдап ұйықтап жатқан видеоларым болуы мүмкін, бірақ ондай фотоларым жоқ", – дейді ол.

Осы сөздерден кейін Мумина өзі де ыңғайсызданып қалғанын айтып, күлкіге басады.

Алайда Жігер Ауыпбаев әңгіменің бағытын өзгертуді жөн көріп, мұндай тақырыпта қалжыңдаудың қажеті жоқ екенін ескертеді.

"Қалжың, қалжың. Ондай нәрселерді айтпай-ақ қойшы. Шынымды айтамын, ертең бәле болады. Еш қызығы жоқ. Басқа нәрсемен қалжыңдаған дұрыс", – дейді әнші.

Ерлі-зайыптылардың бұл әңгімесі әлеуметтік желі қолданушыларының түрлі пікір білдіруіне себеп болды. Кейбір көрермендер олардың жеке өмірге қатысты қалжыңын орынсыз деп бағаласа, енді бірі әншінің бұрынғы болмысы мен қазіргі әрекетін салыстырған.

"Жігер, мұның ұят қой. Тырнақтап жинаған атағыңды шелектеп төгіп отырсың", – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Тағы бір оқырман әншінің бұрын сабырлы әрі салмақты болып көрінгенін айтып, қазіргі тікелей эфирлердегі әрекетіне таңғалған.

"Жігер Ауыпбаев топта жүргенде, "Фобия" бағдарламасына қатысқан кездері сабырлы, салмақты жігіт еді. Қазір мына қылықтары ерсі", – делінген пікірде.

Ал кейбір қолданушылар өнер иесінің шығармашылығын бұрыннан құрметтейтінін, алайда мұндай әзілдерді құптамайтынын жеткізген.

"Жігер абыройлы жігіт еді. Әндерін де, өзін де сыйлаушы едім. Әрекеттері оның абыройына сай келмей тұр", – деп жазды тағы бір желі қолданушысы.

Сондай-ақ пікір қалдырушылар арасында ерлі-зайыптылардың жеке өміріне қатысты әзіл айтқандар да кездеседі. Олардың бірі "Екеуі екі бөлек ұйықтай ма?" деп сұрақ қойған.

Дегенмен видеодағы әңгіме әзіл түрінде өрбіген. Жігер Ауыпбаевтың өзі де мұндай тақырыптарды қозғаудың қажеті жоқ екенін айтып, жұбайын тоқтатуға тырысқан.

Жігер Ауыпбаев кім?

Жігер Ауыпбаев – қазақстандық эстрада әншісі, "Жігіттер" тобының бұрынғы мүшесі. Ол аталған музыкалық ұжымның құрамында өнер көрсетіп, көпшілікке танылды.

Кейін жеке шығармашылық жолын жалғастырып, тыңдармандарына түрлі әндерін ұсынды. Өнер иесі телебағдарламаларға, концерттерге және музыкалық жобаларға қатысып келеді.

Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желіде де белсенді. Ол шығармашылығымен қатар отбасылық өміріне қатысты сәттерді көпшілікпен бөлісіп тұрады. Соңғы уақытта әнші мен жұбайы Мумина TikTok желісіндегі тікелей эфирлері арқылы да көрермендердің назарын аударып жүр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу