freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Серік Сәпиевті Олимпиадада жеңген боксшы 2 жыл 9 айға сотталды

Спорт
Серік Сәпиевті Олимпиадада жеңген боксшы 2 жыл 9 айға сотталды
ашық дереккөзден

Таиландтық танымал боксшы Манус Бунчамнонг алаяқтық жасағаны үшін 2 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды. Қазір Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Бангкоктағы түрмеде жазасын өтеп жатыр, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Сот деректеріне сәйкес, спортшы 2021 жылы мемлекеттік лотерея билеттерін таратуға арналған квоталарға байланысты алаяқтық схемаға қатысы бар деп танылған. Іс бойынша жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын шамамен 2 миллион батқа бағаланған.

Манус Бунчамнонг қазақстандық бокс жанкүйерлеріне Серік Сәпиевпен болған кездесулері арқылы жақсы таныс.

2006 жылғы Азия ойындарының жартылай финалында таиландтық боксшы Сәпиевтен басым түскен. Екі жылдан кейін, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында олар ширек финалда қайта кездесті. Бұл жолы да Бунчамнонг 7:5 есебімен жеңіске жеткен.

Кейін ол аталған Олимпиадада финалға дейін жетіп, күміс медаль иеленді.

Алайда спорттық мансабынан кейін Бунчамнонгтың есімі қылмыстық іспен аталды. Сот үкімінен соң ол кепілдік талаптарын бұзып, біраз уақыт құқық қорғау органдарынан жасырынған.

Кейін полиция экс-боксшыны ұстап, сот тағайындаған жазасын өтеу үшін түрмеге қамады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу