freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жылу беру маусымына дайындығы төмен облыстар белгілі болды

Қоғам
Жылу беру маусымына дайындығы төмен облыстар белгілі болды
Коллаж: BAQ.KZ

Бүгін Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев жылу беру маусымына дайындық аясында тиісті жұмыстарды баяу атқарып жатқан өңірлерді атады, деп хабарлайды Malim.kz.

- Алдағы жылу беру маусымына дайындық аясында өңірлерде тиісті жұмыстар жүзеге асып жатыр. Бүгінде 10 913 білім беру нысанының он 10 693-і дайын, бұл көрсеткіш 98% болды. 8 өңірде дайындық көрсеткіші 100%-ға жетті. Жоспардан Алматы мен Ақтөбе облыстары қалып отыр, - деді Е.Нағаспаев.

Сонымен қатар ол денсаулық сақтау нысандары бойынша да осындай жағдай қалыптасқанын айтты. Қазіргі кезде дайындық 98%-ға жетті, яғни 5 394 нысанның 5 281-і дайын. 6 өңірде дайындық көрсеткіші 100%-ға жетті. Төмен көрсеткіш Шымкент пен Алматы қалаларында байқалды.

- Тұрғын үйлер бойынша жылыту маусымына дайындық жұмыстары 51 391 үйде аяқталды, бұл жоспардың 96%-ы. Түркістан облысында тұрғын үй қорының дайындығы толық қамтамасыз етілді. Шығыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласында тұрғын үйлердің дайындық деңгейі төмен. Өңірлерде инженерлік инфрақұрылымға да жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде 1 808 шақырым сумен жабдықтау желісінің 1 303-і жөнделген. Бұл жоспардың 72%-ы. Жөндеу жұмыстары 6 өңірде толық аяқталды. Төмен көрсеткіштер Алматы, Жамбыл облыстарында орын алып отыр, - деді министр.

Оның айтуынша, су бұру желілері бойынша жоспардың 74%-ы, яғни жоспарланған 306 шақырымның 225 шақырымы орындалды.

Бұған дейін хабарланғандай, жаңа жылу беру маусымына дайындық жұмыстары басталғаннан бері (2026 жылдың 1 мамырынан 17 тамызға дейін) республика бойынша теміржол көлігімен 19 млн тонна көмір тасымалданды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу