freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бүгіннен бастап самокат пайдалану ережесі өзгерді

Құқық
Бүгіннен бастап самокат пайдалану ережесі өзгерді
Bolt

Бүгіннен бастап Қазақстанда электросамокаттарды пайдалану тәртібі өзгерді. Ең басты жаңалық – электросамокатпен тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарында жүруге болмайды.

Бұл талап 2026 жылғы 24 маусымда қабылданған №326-VIII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңымен бекітілді.

Жаңа тәртіп бойынша электросамокат жүргізушілері велосипед жолымен, велосипед жолағымен жүруі керек.

Егер велосипед жолы немесе велосипед жолағы болмаса, қозғалыс жолдың оң жақ шетімен немесе жол жиегімен, жол қозғалысы қағидаларында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

Ал тротуар мен жаяу адам жолында электросамокат пайдалануға болмайды.

Бұған дейін қолданыста болған ережеде велосипед жолы немесе жолағы болмаған жағдайда электросамокатпен тротуарда немесе жаяу жүргіншілер жолында сағатына 6 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен, жаяу жүргіншілерге қауіп төндірмей жүруге мүмкіндік берілген еді. Енді осы норма алынып тасталады.

Электросамокатпен автомобиль жолының жүру бөлігіне шығатын азаматқа бірқатар талап қойылады. Атап айтқанда: жүргізуші 18 жасқа толған болуы, жүргізуші куәлігінің кез келген санатының иесі болуы, қорғаныш шлемін киюі тиіс.

Қараңғы уақытта жолдың жүру бөлігінде қозғалған кезде жарық шағылыстыратын элементтерді пайдалану талабы да бар.

Сонымен қатар электросамокат жүргізушісіне жолаушы тасымалдауға және жүк алып жүруге болмайды.

Заңда бұдан да басқа бірқатар талап бар.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу