freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

2017 жылдан бері алғаш рет: АҚШ әскери ұшағы Мәскеуге қонды

Әлем
2017 жылдан бері алғаш рет: АҚШ әскери ұшағы Мәскеуге қонды
Фото: Bild

АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының (ОББ) директоры Джон Рэтклифф Мәскеуге жасырын сапармен барған. Бұл туралы CBS News өз дереккөздеріне сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

25 тамыз күні таңертең Мәскеудегі Внуково әуежайына АҚШ Әскери-әуе күштерінің Boeing C-17A Globemaster III әскери-көлік ұшағы қонған. Flightradar24 мәліметінше, RCH4555 шақыру белгісі бар ұшақ Ригадан келген. Бұған дейін әуе кемесі АҚШ-тағы Эндрюс әуе базасында болған.

CBS News журналисті Дженнифер Джейкобстың мәліметінше, ұшақ бортында Джон Рэтклифф болған. ОББ басшысы Ресей астанасына бірқатар кездесу өткізу үшін барған.

Алайда оның сапары әзірге АҚШ пен Ресей билігі тарапынан ресми түрде расталған жоқ. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеуге келген америкалық әскери ұшақ туралы ақпараттан хабарсыз екенін айтты.

Сондай-ақ оның сөзінше, осы аптада Кремльде АҚШ әкімшілігі өкілдерімен кездесу жоспарланбаған.

Америкалық әскери ұшақтың Мәскеуге келуі ерекше жағдай ретінде бағаланып отыр. БАҚ мәліметінше, C-17 ұшағы Ресей астанасына 2017 жылдан бері алғаш рет келген.

Рэтклиффтің Мәскеудегі кездесулерінің нақты мақсаты әзірге жарияланған жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу