Орталық сайлау комиссиясы 23 тамызда өткен Құрылтай депутаттарын сайлаудың қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
ОСК мәліметі
ОСК мәліметінше, сайлаушылардың жалпы саны 12 млн 623 мың 289 адамды құраған. Дауыс беруге 9 млн 351 мың 539 азамат қатысып, сайлаушылардың белсенділігі 74,08% болды.
Партиялар жинаған дауыс саны:
«Әділет» партиясы – 6 528 948 дауыс (71,17%);
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 469 058 дауыс (5,11%);
«Байтақ» жасылдар партиясы – 97 751 дауыс (1,07%);
Қазақстан Халық партиясы – 285 395 дауыс (3,11%);
«Ауыл» партиясы – 574 621 дауыс (6,26%);
«Ақ жол» демократиялық партиясы – 478 083 дауыс (5,21%);
Respublica – 509 631 дауыс (5,56%).
Ал сайлаушылардың 2,51%-ы «Бәріне қарсы» нұсқасын таңдаған.
Қай партия қанша мандат алды?
Сайлау нәтижесіне сәйкес Құрылтайдағы мандаттар былай бөлінді:
«Әділет» партиясы – 110 мандат;
«Ауыл» партиясы – 10 мандат;
Respublica – 9 мандат;
ЖСДП – 8 мандат;
«Ақ жол» – 8 мандат.
Осылайша, Құрылтайдағы мандаттардың басым бөлігі «Әділет» партиясының өкілдеріне тиесілі болды.