freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Сүйінші хабар жетті": Алтынай Жорабаева отбасындағы қуанышты жаңалықты айтты

Қоғам
"Сүйінші хабар жетті": Алтынай Жорабаева отбасындағы қуанышты жаңалықты айтты
Алтынай Жорабаева қызымен. Фото-коллаж: Malim.kz / ЖИ

Танымал әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында қызы Аяулымға қатысты қуанышты жаңалығын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесінің айтуынша, қызы Қытайдағы жоғары оқу орнының магистратурасына грантпен оқуға түскен.

Алтынай Жорабаева бұл жаңалық отбасы үшін үлкен қуаныш болғанын айтып, сүйінші хабарды оқырмандарымен бөлісті.

"Қуанышты бөліссең – көбейеді демекші... Аяулым қызымыз бізді тағы да қуанышқа бөлеп, шок қылып жатыр. Аллаға шүкір! Осындай қуанышымызды сіздермен де бөліскім келді", – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары өнер иесінің қызына сәттілік тілеп, оқу жолына ақ тілектерін білдірді.

Еске сала кетейік,  Алтынай Жорабаева қызының ұзату тойында бұрынғы жұбайы, актер Сәбит Әбдіхалықовтың неге болмағанын түсіндірген еді.

Алтынай Жорабаева кім?

Алтынай Жорабаева – қазақ эстрадасының танымал әншілерінің бірі. Ол 1978 жылғы 28 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданына қарасты Бейнеткеш ауылында дүниеге келген.

Өнерге бала кезінен қызығушылық танытқан болашақ әнші мектеп жылдарында түрлі мәдени шараларға қатысып, сахнаға бейімделе бастайды. 1995 жылы орта мектепті аяқтағаннан кейін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің өнер факультетіне оқуға түседі.

1999 жылы жоғары оқу орнын тәмамдап, кейін сол университетте ұстаздық қызмет атқарған. Алтынай Жорабаеваның үлкен сахнадағы алғашқы қадамдары 1997 жылдан басталды. Сол жылы ол "Арай" байқауында жүлделі орынға ие болып, "Жас қанат-97" республикалық конкурсының дипломанты атанды. Кейін әнші халықаралық өнер додаларында да Қазақстанның атынан өнер көрсетіп, бірқатар жетістікке жетті. 2001 жылы "Азия дауысы" фестивалінің лауреаты атанса, 2004 жылы Болгарияда өткен "Discovery" байқауында жеңіске жетті.

Сондай-ақ Латвияның Юрмала қаласында ұйымдастырылған "Янтарная звезда" байқауында Гран-при иеленді. 2005 жылы АҚШ-та өткен орындаушылық шеберлік чемпионатында екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алды.

Өнердегі жетістіктері үшін Алтынай Жорабаева 2004 жылы "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығымен марапатталды. Ал 2006 жылы оған "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағы берілді.

Әншінің алғашқы музыкалық альбомы 2002 жылы жарық көрді. Содан бері ол қазақ эстрадасында өзіндік орындаушылық мәнерімен танылып, тұрақты тыңдарман аудиториясын қалыптастырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу