Арменияның бұрынғы президенті Роберт Кочарян мен оның ұлы Седрак Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитет тергеп жатқан қылмыстық іс аясында ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz.
Арменпресс-тің жазуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитет 25 тамызда Роберт Кочарян мен оның отбасына тиесілі бірқатар нысанда тінту жүргізілгенін мәлімдеді.
Кочарянның кеңсе басшысы Баграт Микоянның айтуынша, елдің екінші президенті тергеу органына жеткізілген.
Сонымен бірге құқық қорғау органдары Роберт Кочарянның ұлдары Левон мен Седрактың үйлеріне барып, тергеу әрекеттерін жүргізген.
Оқиғаның нақты мән-жайы мен Кочарян мен оның ұлына қандай айып тағылып отырғаны әзірге нақтыланбады.