freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шықты (ВИДЕО)

Оқиға
Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шықты (ВИДЕО)
Фото: ТЖМ

Атырау мұнай өңдеу зауытының аумағында өрт болып, оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері жұмылдырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өрт 25 тамызда сағат 12:35 шамасында жабық үлгідегі механикалық тазарту құрылыстарының тұндырғышында тұтанған. Зауыттың мәліметінше, сол уақытта нысанда жұмыс жүргізіліп жатқан жоқ. Тұндырғыштағы мұнай шламы жанған.

Төтенше жағдай туралы хабарлама «112» пультіне сағат 12:55-те түскен. Оқиға орнына жоғары шақыру дәрежесі бойынша құтқарушылар жіберілді.

Өртті сөндіруге ТЖМ-нің шамамен 65 қызметкері мен 19 техникасы, сондай-ақ «Семсер өрт сөндіруші», АТМА әуежайы және NCOC компаниясының кәсіби апаттық-құтқару қызметі қатысты.

Сағат 13:42-де өрт оқшауланып, кейін толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Зауыт әкімшілігі кәсіпорынның штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлады. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Атырау мұнай өңдеу зауыты 1945 жылы пайдалануға берілген. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 5,5 миллион тонна мұнай өңдеуге жетеді. Зауыт акцияларының 99 пайызы «ҚазМұнайГазға» тиесілі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауыты қай облыста салынуы мүмкін екенін жазған едік.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу