Кісі өліміне себепкер болған күзет басқармасының бұрынғы бастығы сотталды

Malim Админ

  • 09.02.2025

Павлодарда Ішкі істер министрлігі мамандандырылған күзет басқармасының бұрынғы бастығы Айдар Нұрмұхамбетовке қатысты сот үкімі шықты,- деп хабарлайды Malim.kz.


Ол былтыр жазда автожолда жол апатын тудырып, салдарынан бір адам көз жұмған еді.

Қайғылы оқиға 2024 жылдың шілде айында түнде болған. А.Нұрмұхамбетов масаң күйде «Lexus LX 570» маркалы автокөлігін басқарып келе жатып «Павлодар-Семей» тас жолында «Волга» автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан «Волга» жол шетіне аударылып, жүргізушісі сол жерде қайтыс болды.

Сот Айдар Нұрмұхамбетовты Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы 3-бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын және көлік құралдарын басқару қызметімен айналысуға 10 жылға дейін тыйым салу жазасын тағайындады, - деп мәлімдеді Павлодар қаласының №2 сотының судьясы Бибігүл Сабитденова.

Сотталушы азамат жазасын қауіпсіздігі төмен қылмыстық-атқару мекемесінде өтейтін болады. Бұған қоса ол марқұмның туыстарына 10 миллион теңгеден астам және «Волга» көлігінің жолаушысына 7 миллион теңгеден астам материалдық және моральдық шығындарды төлеуге міндеттенді.

Фото: freepik.com

 

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды