Көлігін 5 минуттан артық қыздырған алғашқы азаматқа айыппұл салынды

Malim Админ

  • 15.01.2025

Петропавл тұрғыны көлігін 5 минуттан артық жылытамын деп айыппұл арқалады,-деп хабарлайды Malim.kz. 

Бұл туралы қала тұрғыны әлеуметтік желіде бөліскен. Көршілерінің біреуіне оның әрекеті ұнамай, «102» нөміріне хабарлап, полиция шақыртқан. Енді ол 5 АЕК мөлшерінде – 20 мың теңге шамасында айыппұл төлемек. 

Өңір тұрғындары айыппұлдың бұл түрімен мүлдем келіспейді.

Ауа температурасы кейде 40 градусқа дейін төмендейтін аймақ үшін көлікті 5 минутта жылыту мүмкін емес. Яғни өңірдің ерекшелігі есепке алынбаған. 

Жақында ІІМ айыппұлдың осы түріне қатысты түсінік берді. Әкімшілік полиция комитеті өкілдерінің айтуынша, бұл – жаңашылдық емес, Жол жүрісі қағидалары ережесінің бұл талабы 20 жылдан бері бар. Егер көлік құралы жұмыс істеп тұрған қозғалтқышпен бес минуттан артық тұрса және бұл тұрғындарға қолайсыздық туғызса, онда бұл жағдайда ҚР ӘҚБтК 597-бабының 1-бөлімі бойынша көлік иесіне айыппұл салынады. 

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары осы заң бұзушылық үшін жаппай айыппұл салуды мақсат етпейді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы шағым келіп түскен кезде және дәлелдер болған кезде ғана іс қозғалмақ. 

Фото: Kazinform

 

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды