«Мені зорлады»: Жігітке жала жапқан әйелдің өзі 4 жылға сотталды

Арман Қайыпхан

  • 21.11.2024

Шығыс Қазақстан облысында зорлау туралы көрінеу жалған хабарлау оқиғасы анықталды, деп хабарлайды Malim.kz Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Тергеу барысында биыл ақпан айында азаматша «Ш» өзінің танысы «К»-мен пәтерде масаң күйінде онымен өз еркімен жыныстық қатынасқа түскені анықталды. Ал келесі күні ол құқық қорғау органдарына оны зорлады деп айыптап, жалған мәлімдеме жасады.

Әйел адамның жалған айыптауының нәтижесінде жазықсыз адам қылмыстық қудалауға ұшырап, тергеу жүргізілді.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде «жалған жәбірленуші» ҚР ҚК 419-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасаудағы өз кінәсін толық мойындады (ауыр қылмыс жасағаны туралы көрінеу жалған хабарлау) және кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу туралы өтініш білдірді.

Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен «Ш» Қылмыстық кодекстің осы бабы бойынша кінәлі деп танылып, шартты түрде 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - делінген прокуратура хабарламасында.

Фото: pixabay

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды