Неміс полициясы Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты түсінік берді

Қылмысқа не себеп болғаны белгісіз. 

Берік Дәулетов

  • 18.06.2024

Германияның Оңтүстік Гессен полициясының Бас басқармасы Қазақстан азаматшасы Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Kazinform.kz.

16 маусым күні түстен кейін Эрлах көлінің маңында адам денесі табылғаннан кейін прокуратура мен полиция бұл 2024 жылғы 4 маусымда із-түзсіз жоғалған 40 жастағы әйелдің денесі деп болжап отыр, - деп жауап берді Оңтүстік Гессен полициясы Бас басқармасы. 

Осы уақытқа дейін жүргізілген тергеу жұмыстарының нәтижесінде әйелдің зорлық-зомбылық құрбаны болғаны белгілі болды. 

Қылмысқа не себеп болғаны белгісіз. 

Қосымша тергеу үшін Оңтүстік Гессен полициясының Бас басқармасы «Эрлахе» кісі өлтіру бөлімін құрды. Тергеу амалдарына 35-тен астам шенеунік тартылды.

Адам денесі табылған аумақта қосымша іздестіру жұмыстары жүргізілмек.

Тергеушілер қылмыс мәйіт табылған жерде жасалмаған деп болжап отыр. 

Тергеушілер кісі өлтіруді тергеумен қатар, марқұмның із-түзсіз жоғалған қайын енесін - 49 жастағы әйелді іздеп жатыр. Олардың орналасқан жері анықталу үстінде.  

Дегенмен екі әйелдің жоғалып кетуі мен кісі өлтіру арасындағы байланыстың қаншалықты сәйкес екені әзірге белгісіз.  

«Эрлахе» кісі өлтіру бөлімі халықтан ақпарат алу үшін жеке телефон желісін құрды: 06151/969 53200, азаматтар есімдерін атамай-ақ ақпарат беру үшін осы нөмірге хабарласа алады. Қазіргі уақытта тергеушілер 4 маусымнан бері қылмысқа қатысы болуы мүмкін куәгерлерді іздестіріп жатыр. Тергеу жүргізіліп жатқандықтан, әзірге осы баспасөз хабарламасынан басқа ақпарат беру мүмкін емес. Баспасөзбен жұмыс істеу Дармштадт прокуратурасының құзыретіне жатады, - деп жауап берді Оңтүстік Гессен полициясы.

Еске салсақ, бұған дейін Германияда қазақстандық экс-судьяның өлі күйінде табылғанын жазған болатынбыз.  

Фото: http://www.instagram.com/podslushano.de/

Байланысты жаналықтар

Мемлекет басшысы Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады

02.12.2024

Бүгін Германиядағы Volkswagen зауыттарының жұмысы тоқтайды

02.12.2024

БҚО-да бопсалау күдігімен студенттер тобы ұсталды (ВИДЕО)

30.11.2024

Астанада Қазақстан-Ресей сарапшылар кеңесі өтті

28.11.2024

БҚО-да жиналған шөп өртеніп, 14 бас мал қырылды

28.11.2024

Бассейнге батқан 10 жасар қыздың өліміне кінәлі құтқарушы сотталды

27.11.2024
MalimBlocks
Мемлекет басшысы Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады

Тоқаев Қазақстан мен Қытайдың ықпалдастығы қарқынды әрі сан қырлы сипат алғанын айтты

Бүгін Германиядағы Volkswagen зауыттарының жұмысы тоқтайды

Ереуілге IG Metall кәсіподақ ұйымы ұйытқы болмақ

БҚО-да бопсалау күдігімен студенттер тобы ұсталды (ВИДЕО)

Олар курстастарын бопсалады деп күдікке ілінген

Астанада Қазақстан-Ресей сарапшылар кеңесі өтті

БҚО-да жиналған шөп өртеніп, 14 бас мал қырылды

37 тонна шөп жанып кете жаздады

Бассейнге батқан 10 жасар қыздың өліміне кінәлі құтқарушы сотталды

Құтқарушы қызды бассейндегі ересектерге арналған жүзу залына өткізген