457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Оралдық судья 200 мың теңге үшін түрмеге отырады

Орал қалалық сотының бұрынғы төрағасы Руслан Жұмағұлов пен адвокат Нұржігіт Фазылғалиев 2 жыл 7 ай 15 күнге бас бостандығынан айырылды. Үкім 3 маусымда Тасқала аудандық сотында жария етілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Екеуі де кінәсін мойындап, процессуалдық келісімге келген. Соның арқасында іс жеделдетілген тәртіппен қаралды.

Тергеу мәліметінше, Фазылғалиев шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығуды күтіп отырған сотталған адамның өкіліне судьяға 1,5 миллион теңге пара беруді ұсынған. Кейін ол бұл “көмек” үшін Жұмағұловқа жүгінген. Судья бұл іске қатысы болмаса да, келісім берген. Кейін ҰҚК бақылауымен өкіл адвокатқа 1,3 миллион теңге берген. Оның 200 мың теңгесі судьяның қолына тиген.

Сот екі айыпталушыны да кінәлі деп таныды. Жұмағұловқа өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. Ал Фазылғалиев үш жылға адвокаттық қызметтен шеттетілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сотталғандар оны апелляцияға бере алады.

Фото: pixabay