Перзентханадағы бала сатуға қатысты іс тоқтатылды

Полиция істе қылмыстық құқықбұзушылық құрам жоқ деп таныды.
Қылмыстық іс 2024 жылдың 22 қарашасы күні қозғалды. Бұл туралы ақпарат тілшілерге 2025 жылдың қаңтарын айында хабарланып, Ақтөбе облыстық полиция департаменті тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қорытындысы негізінде жауапқа тартылғандардың іс-әрекеттерінде Қылмыстық кодекстің 135-бабы 1-бөлігінде көрсетілген (Кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны қанау не азғырып көндіру, тасымалдау, беру, жасыру, алу, сондай-ақ қанау мақсатында өзге де іс-әрекеттер жасау) қылмыстық құқық бұзу құрамы жоқ деп танылды. Соған сәйкес бұл іс Қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағы бойынша тоқтатуға жатқызылды, — деп хабарлады ІІМ-нің баспасөз қызметі Kazinform тілшісінің сауалына.
Еске салсақ, полиция перзентханада жаңа туған нәрестені сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Барлық мән-жайды және қатысы бар адамдарды анықтау үшін қажетті тергеу жүргізілді.
Фото: freepik.com