Ақтөбеде үшем өмірге келді

Үшемдердің анасы 32 жаста. Бұған дейін 4 құрсақ көтерген

Malim Админ

  • 31.10.2024

Ақтөбе қаласында үшем өмірге келді. Оларға ата-анасы Ахмад, Ибрахим және Әбдікәрім есімдерін берді.

Ақтөбе қаласындағы перинаталдық орталықта бүгін үшемдер үйіне шығарылды. Ахметовтер отбасындағы қуанышты бөлісуге туған-туыстары мен облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері барды. Перинаталдық орталықтың ақпаратына сүйенсек, үшемдердің анасы 32 жаста. Бұған дейін 4 құрсақ көтерген. Үш қыз, бір ұлды тәрбиелеп отырған отбасы Ақтөбе қаласының Есет батыр тұрғын алабында тұрады. 

- Босану бөлімінің меңгерушісі Абат Кубиев, акушер-гинеколог Нұрлыбек Карманов, медбикелер Бақыт Баймағанбетова, Зарина Биждаева, неонатолог Айдана Нұрмұханова, Альбина Шегенбаева отаға қатысты. Ахмадтың салмағы 2655, Ибрахим 2255, ал Әбдікәрім 2355 грамм болды. Бала мен ананың денсаулығы жақсы,- деп хабарлады облыстық перинаталдық орталықтың баспасөз қызметі.

Қазір үшемнің анасы өзін жақсы сезінеді. Ол дәрігерлерге алғысын білдірді.

- Кесір тілігі отасы жасалды. Дәрігерлерге алғысымды білдіргім келеді. Әрқайсысы көмектесті. Бәрі де өз ісінің мамандары, зор қолдау көрсетті. Өзім табиғи жолмен жүкті болып, естігенде қобалжыдым. Үшем болады деп ойламадық. Бұл ұлы сый. Шексіз алғыс айтамын. Үш ұлымды қолыма алып, қуандым,- деді жас ана Айсана Ахметова. Қазіргі кезде отбасының үлкен баласы 10 жаста, кішісі 3-те.

Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асхат Балықовтың айтуынша, 9 айда өңірде 16 800 бала өмірге келді. Оның 120-ы егіз, үшеуі үшем.

Еске салсақ, биыл тамызда өмірге келген үшемнің ата-анасы балаларға Хамза, Ибраһим және Ахмад есімдерін берді.

Фото: Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Байланысты жаналықтар

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

15.05.2025

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

08.05.2025

Ақтөбеде 50-ден аса тұрғынды алдаған әйелге қатысты сот жүріп жатыр

01.05.2025

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

30.04.2025

Ақтөбеде бір емші науқастарға миллиондап несие алдырған

24.04.2025

Ұлттық кітап күні: 500 метрлік гүлзар алаңында ақтөбеліктер кітап әлеміне саяхаттады

23.04.2025
MalimBlocks
Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Ақтөбеде 50-ден аса тұрғынды алдаған әйелге қатысты сот жүріп жатыр

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

Ақтөбеде бір емші науқастарға миллиондап несие алдырған

Ақтөбеде алдына ем іздеп келген 100-ге жуық адамды алдаған емшіге қатысты сот басталды

Ұлттық кітап күні: 500 метрлік гүлзар алаңында ақтөбеліктер кітап әлеміне саяхаттады

23 сәуірде Ұлттық кітап күнінде және ұлы ақын Абайдың 180 жылдығы қарсаңында Ақтөбеде ерекше шара өтті