Жамбыл облысында ер адам жүкті әйелінің мүрдесін перзентхананың жертөлесінен тауып алған

Жамбыл облысында жүкті әйел жұмбақ жағдайда көз жұмды

Сұлу Бөлек

  • 28.03.2025

Жамбыл облысында жүкті әйел жұмбақ жағдайда көз жұмды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Информбюроға сілтеме жасап. 

Жақындарының айтуынша, дәрігерлер 25 жастағы ананың мәйітін, қойма ішіне жасырып қойған. Бұл оқиға Шу аудандық көпбиінді орталық ауруханасында болған. Науқастың қалай, қандай жағдайда қайтыс болғаны белгісіз. Өйткені ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген Әдемі Ешеналиеваны ақ халаттылар әжетхана ішінде ес түссіз күйде жатқанда көрген. 

Оқиғаның мән-жайы

Әйел күйеуіне жолдаған соңғы хабарламасында ауруханадан гөрі халық еміне жүгінейік деп жалынған. Бірақ ауруханадағылар "ол жансақтау бөлімінде жатыр" деп ешкімді жуытпаған. Туыстары мәйітхананы да барып тексерген, онда табылмаған әйелдің мүрдесін дәліздегі қуыс қоймадан тапқан. Жарты айдан бері дәрігерлердің бақылауында болған Әдемі Ешеналиеваға еш ем қонбады дейді. Бесінші күні жағдай ушығып жансақтау бөліміне түскен. Сол күнгі кезекші акушер Әдеміні әжетханадан тауып алғанын айтады.

"Бірнәрсе тарс ете қалды. Тазалаушы да, мен де естідім. Өйткені кәдімгідей тыныш болған, балалар да жыламаған. Түнгі сағат 02:38-де әжетханаға жүгіріп бардық. Барсам, мына есік ашылмайды. "Әдемі, Әдемі" дедім. Отыр екен. "Әдемі, Әдемі" десем, естімейді", – дейді кезекші акушер Сандуғаш Бекенова.

Бірақ бұл айтылғанды туыстары жоққа шығарады. Олардың айтуынша, Әдемі әжетханада ұзақ жатып қалған. Өйткені бейне бақылаудағы уақыт пен дәрігерлердің айтқаны сай келмейді. Ал жансақтау бөлімінің дәрігерлері жарытып жауап бере алмады.

"Бізден әлі жауап алынып жатыр. Әлі сот сараптамасы жүріп жатыр. Мен толық ақпарат бере алмаймын. Жансақтауға кіргенде жаны болды ма, болмады ма ол жағын айта алмаймын. Ештеңе айта алмаймын. Әжетханада қалай жатып қалғаны туралы да ештеңе айта алмаймын", – дейді жансақтау бөлімінің дәрігері Ғани Байсымаков.

Фото: Pixabay.com 

Байланысты жаналықтар

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

14.05.2025

Ливияда қақтығыс болып, қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тапты

13.05.2025

АҚШ-та 63 жыл бұрын жоғалып кеткен әйел аман табылды

07.05.2025

30 жастағы мұғалім жұмысбастылықтан көз жұмды

06.05.2025
MalimBlocks
Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

Ливияда қақтығыс болып, қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тапты

АҚШ-та 63 жыл бұрын жоғалып кеткен әйел аман табылды

30 жастағы мұғалім жұмысбастылықтан көз жұмды