Сатиралық парақша авторы 2 айға қамауға алынды

Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздық қоздырды деген айып тағылды

Malim Админ

  • 19.01.2025

QazNews24 қоғамдық парақшасының әкімшісі Темірлан Еңсебекке әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздық қоздырды деген айып тағылды.  Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша іс қозғалды, деп хабарлайды Malim.kz.


Кеше тергеу мерзіміне бұлтартпау шарасын – кепілмен үйқамаққа алу немесе уақытша изоляторда ұстауды анықтау бойынша сот отырысы өтті. Қоғамдық парақшада жарияланған ақпаратқа сәйкес, бұлтартпау шарасы таңдалды, ол - 2 айға қамауға алу.

Естеріңізге сала кетейік, 17 қаңтар күні кешке сатирик Еңсебекке кезекті тінтуу жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Қазіргі уақытта QazNews24 қоғамдық парақшасының авторына ұлтаралық араздықты қоздырды деген айып тағылғаны белгілі.

ҚазТАГ агенттігінің сауалына полицейлер Еңсебектің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. Оның серіктестері бұл іс ресейлік насихатшы Тина Канделакиге байланысты болуы мүмкін деген болжамды алға тартты.

Айта кетейік, 2021 жылдың 15 мамырында полиция Еңсебекті іздеп келген. Одан кейін ҚР ҚК 274-бабының 2-бөлігі (Бұқаралық ақпарат құралдарын және телекоммуникация құралдарын пайдалана отырып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне немесе қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған мәліметтерді тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

17 мамырда «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры жағдайға түсініктеме бере отырып, ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабының сатира мен юморға еш қатысы жоқ екенін атап өтіп, полицейлердің Қазақстан Конституциясын жақсы білмейтіні туралы пікір білдірді.

18 мамырда «Шекарасыз репортерлар» беделді халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін сөз бостандығын құрметтеуге шақырып, әзіл-қалжыңның қылмыс еместігін  айтты.

2021 жылдың 20 мамырында Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігінің әзілді түсінбейтінін айтып, Еңсебекке қатысты істі тоқтатуға шақырды.

Бір қызығы, халықаралық Amnesty International үкіметтік емес ұйымы бұдан кейін Қазақстанның фейк жаңалықтарға қатысты заңына талдау жасағанда Еңсебектің ісін мысалға алған.  

Фото: Qaznews24

Байланысты жаналықтар

Өскеменде 20 жыл бұрынғы қылмыс ашылды

22.02.2025

Қызылордада браконьерден 14 қап киік еті тәркіленді

21.02.2025

Шекарадан заңсыз шығарылған мал қай елдерге сатылады?– ҰҚК

20.02.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев лауазымды адамдардың протоколдық сатысын бекітті

20.02.2025

Банк карталарына бақылау күшейтіледі. Нені білу керек?

20.02.2025

Кедендік заңсыз тексерудің 37 фактісі анықталды

20.02.2025
MalimBlocks
Өскеменде 20 жыл бұрынғы қылмыс ашылды

Қызылордада браконьерден 14 қап киік еті тәркіленді

20 күнде табиғат қорғау заңнамаларын бұзудың 163 дерегі анықталды

Шекарадан заңсыз шығарылған мал қай елдерге сатылады?– ҰҚК

Қасым-Жомарт Тоқаев лауазымды адамдардың протоколдық сатысын бекітті

Банк карталарына бақылау күшейтіледі. Нені білу керек?

Егер транзакциялар саны күдікті болып көрінсе, банктер қосымша ақпарат сұрауға және қаражаттың шығу көзін зерттеуге құқылы

Кедендік заңсыз тексерудің 37 фактісі анықталды