Шығыс Қазақстанда заңсыз алтын өндірген кеншілер ұсталды (ВИДЕО)
Жұмыстарын мұқият жасырып, көзден таса ұстағандықтан, тек тікұшақпен аймақты барлау арқылы ғана оларды анықтау мүмкін болды.
ШҚО-да алтын өндірумен заңсыз айналысқан кеншілер ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл туралы Polisia.kz жазды.
Арнайы техниканы пайдаланған екі топ облыстың бірнеше аудандарында пайдалы қазбаларды заңсыз өндірген. Кеншілер жұмыстарын мұқият жасырып, көзден таса ұстағандықтан, тек тікұшақпен аймақты барлау арқылы ғана оларды анықтау мүмкін болды.
Құрамында 7 адамнан тұратын бірінші топ Самар ауданында жұмыс істеген. Металл детекторлары арқылы олар жер учаскелеріне барлау жүргізген. Кейіннен экскаватормен топырақтың үстіңгі қабаты алынып, алтын кесектерін өндірген.
Олар жұмыстың ауымағы бойынша «жұмыс» деп аталған аймаққа бөтен адамдардың кіруіне жол бермеу үшін мотоцикл посттарын қойған. Күзетшілерде тегіс ұңғылы мылтық болған.
Тәртіп сақшылары олардан шамамен 5-6 грамм алтын кесектерін, техника, қару-жарақ, оқ-дәрілер мен тиегішті тәркіледі.
Сондай-ақ 11 адамнан тұратын тағы бір топ Үлкен Нарын ауданында жұмыс істеген. Мұнда да алдын ала дайындалған схема бойынша бағалы металдар өндірілген. Онда полицейлер техникадан басқа 20 грамнан астам алтын, 6 металл іздегіш пен радиостанция тапты.
Заңсыз әрекеттерді толық тіркеу үшін жедел уәкілдер пилотсыз ұшу аппаратын қолданды. Құқықбұзушылар бірнеше баптар («Жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу», «Заңсыз кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу», «Қаруды заңсыз сақтау, алып жүру») бойынша жауапқа тартылды.
Алынған инвентарь мен техника мемлекет кірісіне тәркіленуге жатады.
Жер қойнауы ресурстарына келтірілген залалдың құнын анықтау үшін тиісті сараптама тағайындалды.
Фото: Polisia.kz