Түркістан облысында 2-сынып оқушысын зорлады деген күдікті ұсталды

Бәйдібек ауданында кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты құқыққа қарсы іс-қимыл фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, Бәйдібек ауданында 8-сынып оқушысы 2-сынып оқитын қыз баланы зорлаған. Оқиға Қошқар Ата ауылында болған.
Аталған оқиғаға қатысты бар күдікті ретінде кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Құқық қорғау органдары қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау үшін жедел тергеу жүргізіп жатыр.
Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының тікелей бақылауында болады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге де деректер жария етуге жатпайды, - делінген ресми хабарламада.
Фото: Smartnews.kz

Ең көп оқылған
