«Заң мен тәртіп»: қойылымдар байқауының жеңімпаздары марапатталды

Malim Админ

  • 13.05.2025

Бүгін Астанадағы Әзербайжан Мәмбетов атындағы драма театрында «Заң мен тәртіп» тақырыбында мектеп оқушылары арасындағы сахналық қойылымдар байқауы қорытындыланды, - деп хабарлайды Malim.kz.  


Сахнада оқушылар құқықтық тәртіп жайлы ойларын актерлік өнері арқылы жеткізді.

Астана қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаевтің айтуынша, шараның мақсаты - жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтан алдын алу. Театрлық қойылымдар арқылы теріс әрекетті оқушылардың сана сезіміне жеткізу. Себебі,  заң мен тәртіп бүгінгі  қоғамдағы басты мәселе.    

Көрермендер қатарында Астана қаласы Білім басқармасының және қалалық прокуратура өкілдері, мұғалімдер мен оқушылар болды. Әр мектептің жанкүйерлері залда ерекше қолдау білдіріп отырды.

Алты ауданнан іріктелген мектеп ұжымдары өз қойылымдарында заң бұзушылық пен жауапкершілік тақырыптарын қозғады. Әр команда көрерменге әсерлі сахналық көрініс ұсынды.

Байқауға қатысушы 6-сынып оқушысы Жанатқан Рахматуллах жемқорлықты жоюға жастар үлес қосуға тиіс деп біледі. Қойылымда көрерменде бір күлдіріп, бір  жылаттық дейді ол.   Шәкірттер білім басқармасына Астана қаласының әкімдігіне зор алғыс білдірді.  

Сахналанған қойылымдар жасөспірімдерді құқықбұзушылықтың алдын алу үшін бірігуге шақырады.

@malimkz

Астаналық оқушылар заң мен тәртіп қағидаттары аясында сайысқа түсті. Аудандық кезеңде оза шапқандар қалалық байқауда бақ сынады. Театраландырылған қойылым түрінде өткен сайыста оқушылар қазіргі балалар арасындағы өзекті мәселелерді сахналады.

♬ оригинальный звук - Malimkz

Асем Рамазан

Фото: Дидар Жомартұлы / Malim kz