Заңсыз микроқаржы ұйымдарынан алған қарызды қайтармауға болады

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов заңсыз микроқаржы ұйымдарының құрбаны болған азаматтар қаражатты қайтаруға және заңсыз есептелген пайыздарды төлеуге міндетті емес екенін мәлімдеді. Бұл туралы Malim.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Елемесовтың айтуынша, президент тапсырмасына сәйкес ведомство азаматтарды қарызға батыруға итермелейтін тұлғалар мен компанияларды жүйелі түрде тексеріп жатыр. Қазірге дейін 17 қылмыстық іс тіркеліп, олардың зияны 400 миллиард теңгеден асты. Бұл алаяқтықтан 400 мыңнан астам қазақстандық зардап шеккен.
Анықталған жағдайлардың арасында "Актив Ломбард", "Актив Маркет" және Алматыдағы бірнеше микроқаржы ұйымы бар.
Заңсыз микроқаржы ұйымдары алдындағы қарыздарды төлемеуге болады.
"Қазақстандықтар заңсыз есептелген пайыздарды төлеуден босатылған. Тергеліп жатқан қылмыстық істер шеңберінде олар бізге жүгініп немесе келісімшарттардың жарамсыз екенін дәлелдейтін азаматтық талап арыздарымен сотқа шағымдана алады", — деді Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары.
Айта кетейік, бұған дейін елімізде "Актив" ломбардының бөлімшелері жұмысын тоқтатты. Ломбард иесі Сергей Койнов қамауға алынды. Оның еліміздің әр өңірінде 200-ге жуық филиалы бар, комиссиялық дүкендер ретінде жасырынған ірі ломбардтар желісі арқылы жүзеге асырылған.
Фото: shutterstock