Заңсыз сатып алынған смартфондар бұғатталатын болды

Арман Қайыпхан

  • 12.02.2025

Жаңа ережелер тек 24.03.2025 жылдан кейін елге әкелінген жаңа құрылғыларға ғана қатысты, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан аумағында бұрыннан бар және Идентификациялық кодтар дерекқорына (ИКД) енгізілген телефондар автоматты түрде "ақ тізімге" енеді және ешқандай шектеусіз жұмысын жалғастырады.

Бұл жаңашылдықтар тіркеу жүйесін одан әрі жақсартып, алаяқтықпен күресуге, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және мобильді құрылғыларды пайдалану қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Бүгінгі таңда Қазақстанда шамамен 3,7 миллион қайталанған IMEI-коды бар құрылғылар тіркелген. Олардың заңсыз әкелінуі айтарлықтай экономикалық және әлеуметтік мәселе туындатады.

Мұндай мобильді құрылғылар нарығы құрылғылардың заңды айналымын бақылауды қиындатып, телефон ұрлығының көбеюіне ықпал етеді және әділетсіз бәсекелестік туғызады.

Осы мәселелерді шешу мақсатында жаңа ережелер енгізіліп, мобильді құрылғылар нарығының ашық әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ету қарастырылған.

Негізгі жаңашылдық – мобильді құрылғыларды верификациялау процедурасы.

Жаңа ережелерге сәйкес тіркеу кезінде арнайы жүйе келесі параметрлерді тексереді:

Құрылғының IMEI-кодының түпнұсқалығы

IMEI-кодтың GSMA халықаралық базасында ұрланған, бұғатталған немесе жоғалған құрылғылар тізімінде болмауы

Құрылғының Қазақстан аумағына заңды түрде әкелінгені

Ескерту: Өзгерістер тек Қазақстан аумағына жаңадан әкелінген құрылғыларға қатысты. Бұрыннан бар және ИКД базасына енгізілген мобильді телефондар автоматты түрде "ақ тізімге" енеді және ешқандай шектеусіз жұмысын жалғастырады.

Қандай тізімдер пайда болады?

Верификация нәтижесінде мобильді құрылғылар үш санатқа бөлінеді:

Ақ тізім – сәтті верификациядан өткен құрылғылар, олар ешқандай шектеусіз тіркеледі.
Сұр тізім – уақытша рұқсат етілген құрылғылар. Олардың иелері 30 күн ішінде құрылғының заңды түрде әкелінгенін растауы тиіс.
Қара тізім – заңсыз әкелінген, жалған немесе ұрланған құрылғылар. Олар бұғатталады.
Бұл қолданушыларға қалай әсер етеді?

Қазақстанда бұраннан қолданыста бар телефондар ешқандай шектеусіз жұмыс істей береді. Қосымша әрекет қажет емес.

Жаңа құрылғыларды сатып алушылар 2025 жылдың 24 наурызынан кейін құрылғы сатып алмас бұрын, IMEI-кодты imei.rfs.gov.kz сайтынан тексере алады. Қазіргі уақытта сайт жаңа ережелерге сәйкес жаңартылуда.

"Сұр тізімдегі" құрылғы иелері құрылғыны 30 күн бойы қолдана алады. Осы уақыт ішінде операторлар SMS хабарлама арқылы құрылғыны верификациядан өткізу қажеттілігі туралы ескертеді. Хабарламада арнайы анкетаға сілтеме беріледі, оны толтыру қажет.

Шетелден әкелінген құрылғы иелері шекарадан өткен күнді көрсетуі керек.

Егер пайдаланушы 30 күн ішінде верификациядан өтпесе, кез келген уақытта хабарламадағы сілтеме арқылы анкетаны толтырып, растау процесін аяқтай алады.

Бұл шаралар тұтынушыларға заңды әрі сапалы құрылғыларды сатып алуына сенімділік береді. Бизнеске әділ бәсекелестік үшін ашық жағдай жасалады, ал мемлекет импортты қатаң бақылап, заңсыз телефондар санын азайтып, алаяқтық деңгейін төмендетеді.

Қашан күшіне енеді?

Жаңа ережелер ресми жарияланған күннен бастап 60 күн өткен соң – 2025 жылғы 24 наурызда күшіне енеді.

Азаматтарға уайымдауға ешқандай негіз жоқ – ресми тіркелген құрылғылардың иелеріне қосымша әрекет жасап қажет емес. Министрлік жаңа ережелерді енгізу бойынша ақпараттық жұмыстарды одан әрі жалғастырады.

Фото: Цифрлық даму министрлігі

Байланысты жаналықтар

Қызылордада браконьерден 14 қап киік еті тәркіленді

21.02.2025

Шекарадан заңсыз шығарылған мал қай елдерге сатылады?– ҰҚК

20.02.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев лауазымды адамдардың протоколдық сатысын бекітті

20.02.2025

Банк карталарына бақылау күшейтіледі. Нені білу керек?

20.02.2025

Кедендік заңсыз тексерудің 37 фактісі анықталды

20.02.2025

Перизат Қайраттың тергеуі қашан аяқталады?

19.02.2025
MalimBlocks
Қызылордада браконьерден 14 қап киік еті тәркіленді

20 күнде табиғат қорғау заңнамаларын бұзудың 163 дерегі анықталды

Шекарадан заңсыз шығарылған мал қай елдерге сатылады?– ҰҚК

Қасым-Жомарт Тоқаев лауазымды адамдардың протоколдық сатысын бекітті

Банк карталарына бақылау күшейтіледі. Нені білу керек?

Егер транзакциялар саны күдікті болып көрінсе, банктер қосымша ақпарат сұрауға және қаражаттың шығу көзін зерттеуге құқылы

Кедендік заңсыз тексерудің 37 фактісі анықталды

Перизат Қайраттың тергеуі қашан аяқталады?

ҚМА өкілінің айтуынша, қылмыстық істе 100-ден аса том бар.