Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мәжіліс орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымға қатысты құжатты қабылдады

Саясат
Мәжіліс орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымға қатысты құжатты қабылдады

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру туралы шартты ратификациялау туралы» Заң қабылданды.

«2023 жылғы 13 қазанда Бішкекте өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері басшыларының саммитінде Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру туралы шартқа қол қойылды. Бұл халықаралық ұйымының мақсаты – орыс тілін халықаралық үкіметаралық ұйымдар мен құрылымдардың ресми немесе жұмыс тілі ретінде, сондай-ақ халықаралық қатынас тілі ретінде ілгерілету. Өздеріңіз білетіндей, БҰҰ-да 6 ресми тіл қолданылады: ағылшын, француз, қытай, орыс, испан және араб. Қазіргі кезде осы тілдерді дамытуға бағытталған арнайы халықаралық ұйымдар бар. Мысалы, француз тілінде сөйлейтін 50-ден астым елді біріктіретін Франкофония ұйымы, Араб тілінде сөйлейтін елдерді біріктіретін Халықаралық Араб тілі Кеңесі, сондай-ақ Британ Кеңесі, Конфуций Институты, Сервантес институты сияқты ірі халықаралық институттар жұмыс істеп жатыр», - деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Фото: gov.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу