35 млн теңге иемденген: Ақтөбеде шенеунік сотталды

"Ақтөбе қаласының жол қозғалысы және цифрлық технологиялар қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы" КММ директоры сотталды

Сұлу Бөлек

  • 23.04.2025

"Ақтөбе қаласының жол қозғалысы және цифрлық технологиялар қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы" КММ директоры сотталды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.

Ақтөбе қаласының № 2 соты "Ақтөбе қаласының жол қозғалысы және цифрлық технологиялар қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы" КММ директоры А. Тілмағамбетовке қатысты үкім шығарды.

Ол жеке кәсіпкер А. Кусумовпен келісе отырып, жалған мемлекеттік сатып алу шартын жасасу және жол белгілерін қою бойынша көрінеу орындалмаған жұмыстар үшін ақы төлеу арқылы 35 млн теңге иемденгені анықталды.

Бұл ретте, заңнама талаптарын бұза отырып, жұмыстарды сатып алу бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылған.

Бұдан басқа, Тілмағамбетов мердігер ұйымдармен өздерінің кепілдік міндеттемелері шеңберінде орындалуға тиіс жол таңбаларын салу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасу арқылы 237 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жұмсаған.

Сот шешімімен Тілмағамбетовке 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте, судьяда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет ету құқығынан айырылды.

Сол үкіммен оның сыбайласы Кусумов коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Фото: Pixabay.com 

Байланысты жаналықтар

Ұлттық кітап күні: 500 метрлік гүлзар алаңында ақтөбеліктер кітап әлеміне саяхаттады

23.04.2025

Ақтөбеде екі адам өмір бойына сотталды

22.04.2025

758 млн теңге жымқырған: бас дәрігерінің орынбасары мен бухгалтер сотталды

22.04.2025

18 млн теңге заңсыз сыйақы алған: Ақтау сотының төрағасы сотталды

21.04.2025

Қызға көмектеспек болған астаналық 6 жылға сотталды

20.04.2025

Ақтөбеде тозығы жеткен тергеу абақтысына адам сыймай жатыр

18.04.2025
MalimBlocks
Ұлттық кітап күні: 500 метрлік гүлзар алаңында ақтөбеліктер кітап әлеміне саяхаттады

23 сәуірде Ұлттық кітап күнінде және ұлы ақын Абайдың 180 жылдығы қарсаңында Ақтөбеде ерекше шара өтті

Ақтөбеде екі адам өмір бойына сотталды

758 млн теңге жымқырған: бас дәрігерінің орынбасары мен бухгалтер сотталды

Жамбыл облысының Қалалық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары мен бухгалтер сотталды

18 млн теңге заңсыз сыйақы алған: Ақтау сотының төрағасы сотталды

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының төрағасы сотталды

Қызға көмектеспек болған астаналық 6 жылға сотталды

Астанада ер адам сауда орталығының алдында жүргіншіні ұрғаны үшін 6 жылға сотталды

Ақтөбеде тозығы жеткен тергеу абақтысына адам сыймай жатыр

Себебі әбден тозығы жеткен ғимараттың бір бөлігі мүлдем жабылған