АҚШ-та 63 жыл бұрын жоғалып кеткен әйел аман табылды

Сұлу Бөлек

  • 07.05.2025

82 жастағы Одри Бакеберг 1962 жылғы 7 шілдеде Висконсин штатының Ридсбург қалашығындағы үйінен шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.

Қазір ол басқа штатта тұрып жатыр, әрі "үйінен қылмыс немесе заңсыз әрекет салдарынан емес, өз еркімен кеткені" анықталды.

Полиция мәліметінше, ол жоғалған кезде 20 жаста болған. Шерифтің айтуынша, осы уақыттың бәрінде Одри Висконсин штатынан тыс жерде өмір сүрген, алайда басқа мәліметтер жария етілмеді.

Wisconsin Missing Persons Advocacy коммерциялық емес ұйымының деректеріне сүйенсек, Одри 15 жасында тұрмысқа шыққан, екі баласы болған. Бірақ күйеуімен қарым-қатынасы күрделі болған: жоғаларынан бұрын ол күйеуінің ұрып-соғып, өлтіремін деп қорқытқаны үшін сотқа жүгінген.

Жоғалған күні Одри жүн фабрикасынан жалақысын алуға шыққан. Балаларын қарайтын күтушімен бірге олар Мэдисон қаласына дейін көлікпен жетіп, әрі қарай автобуспен Индиана штатының Индианаполис қаласына аттанған. 14 жастағы күтуші соңғы сәтте қорқып, үйге қайтуды ұйғарған, ал Одри қалғысы келмеген. Сол кезде оны соңғы рет автобус аялдамасынан көрген.

Саук округінің шериф кеңсесі іздеу жұмыстары жылдар бойы жүргізілгенін, алайда іс тұйыққа тірелгенін айтты. Жаңа серпіліс 2024 жылдың басында тіркелді – тергеушілер ескі істерді қайта қарап, Одридің әпкесінің генеалогиялық сайттағы аккаунтын тауып алады. Істі қайта қозғаған Айзек Хэнсонның айтуынша, ол қазір Одри тұрып жатқан қаланың шерифімен байланысқа шығып, Одримен 45 минут сөйлескен.

"Ол жай ғана кетіп қалған сияқты. Барлығынан алыстап, өз өмірімен өмір сүріп, бәрін басынан бастаған. Өзіне сенімді, бақытты көрінеді және ештеңеге өкінбейтін сияқты", – деді ол WISN телеарнасына.

Бұған дейін де Ұлыбританияда 52 жыл бұрын жоғалып кеткен Шейла Фокс тірі табылғаны хабарланған. Ол 1972 жылы 16 жасында жоғалып кеткен еді.

Фото: Wisconsin Missing Persons Advocacy

Байланысты жаналықтар

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

08.05.2025

АҚШ Қазақстан жерін 49 жылға жалға алады

08.05.2025

АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі заңсыз жүрген азаматтарға үндеу жасады

07.05.2025

Украина "бейбіт" аймақ құруға дайын – Трамптың арнайы өкілі

07.05.2025

АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтарға елге оралуға қаржылай көмек ұсынылды

07.05.2025

АҚШ хуситтерге шабуылды тоқтататын болды

07.05.2025
MalimBlocks
«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

АҚШ Қазақстан жерін 49 жылға жалға алады

Сенат заңды мақұлдады

АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі заңсыз жүрген азаматтарға үндеу жасады

Украина "бейбіт" аймақ құруға дайын – Трамптың арнайы өкілі

Трамптың өкілі Украина мен Ресей бақылау жасайтын демилитаризацияланған аймақ құруды ұсынды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтарға елге оралуға қаржылай көмек ұсынылды

АҚШ хуситтерге шабуылды тоқтататын болды

Бұл туралы Трамп Канада премьер-министрімен кездесуінде айтты