Экс-депутат Гүлжан Қарағұсованың қызы ғарышқа ұшты

Кәсіпкер Дана Қарағұсова ғарышқа турист ретінде ұшты, деп хабарлайды Malim.kz.
Экс-депутат Гүлжан Қарағұсованың қызы америкалық Blue Origin компаниясының бағдарламасы аясында New Shepard суборбиталық кемесінің экипажымен бірге 36-шы ұшуға қатысты.
Ғарышқа ұшар алдында компания кемеден түсірілген суреттерді жариялады. Берілген мәліметке сәйкес, экипаж құрамында бизнесмен Джефф Элгин, инженер Клинт Келли III, бірнеше стартаптың негізін қалаған кәсіпкер Аарон Ньюман, украиналық бизнесмен Виталий Островский және есімін құпия қалдырған тағы бір жолаушы болған.
Ұшу бар болғаны 11 минутқа созылды.
Фото: Instagram/blueorigin